Адамдарға арналған қала бәрі баспаналы болғанда басталар
Алматыда әлеуметтік тұрғын үйлер көбінесе жер құны арзан қала шетінде салынады. Мұндай практиканың салдары – қала тұрғындарын табыс деңгейіне қарай бөліп, жаңа тұрғын үй массивтерін геттоға айналдырып жіберетін әділетсіздік. Әлеуметтік жағынан осал топтарды не дұрыс көлік қатынамайтын, не әлеуметтік, іскерлік, басқа да инфрақұрылымы жоқ қала шетіне шығарып тастау салдарынан әлеуметтік теңсіздік артып, өмір сапасы нашарлайды.

Фатима Әбенова «Қала шетіндегі өмір: Алматы қаласындағы әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтардың тұрғын үй сегрегациясын қалай еңсереміз?» деген зерттеуінде осы мәселедегі қазіргі саясаттың проблемаларын талдап, оны еңсерудегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуетін қарастырған.

«Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және денсаулық сақтау құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы зерттеу материалдарының жинағы.

Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.