Ädil Qala Astana
Біздің Қала Астана. Қалада қандай мәселелер бар? Ол мәселелерді қалай шешуге болады?
Әділ қала жобасы аясында өткен Біздің қала талқылауында спикерлер Астананың бірнеше проблемасын ортаға салды. Әділетсіздіктің 5 бағыты айқын көрінді: жаппай құрылыс («точечная или плотная застройка»), экология, тіл, кімдік және балалар құқығы.

15 бастамашыл топ кіретін «Menin Elim Dala» қоғамдық бірлестігі мен Талдыкөлдің жағдайын біріктіретін процесс – Астанадағы тұрғын үй кешендерінің жаппай салынуы. Бірлестік мүшесі Орал Қоянбаев тұрғындардың мектеп, балабақша мен саябақ сияқты қоғамдық маңызы бар объектілерге қолжетімділігін құрылыс компаниялары мен әкімдіктің қалай шеттейтінін және бұл үрдістің зардабы туралы айтты.

SOS.Taldykol мүшесі мен Fading.tse платформасының авторы Теміртас Искаков Талдыкөлдің жойылуының қала экологиясына тигізетін зияны мен қала кімдігі жайлы ойын бөлісті. Оның сөзінше, ел элитасы Астана тұрғындарын қала болашағына әсер ету құқығынан айырды.

Урбанистика саласында жиі айтылмайтын тақырып – тіл әділетсіздігі туралы «Көрнекі» жобасының мүшесі, тіл белсендісі Әлия Сәри айтып өтті. Ол Астана кәсіпорындарында заң бұзылып, мәзір мен маңдайша сияқты визуал ақпараттың қазақ тілінің болмауымен күреседі.

«Қала туралы балалар айтқан бастамалар ескерілмейді», – деп есептейді Qazaqstan Urban Community жетекшісі Әлихан Көшербаев. Қалада бала мен жасөспірімдер қажеттілігінің ескерілмей жүргені, ал балалардың ол жағдайды өзгертуге ешқандай күші жоғына тоқталды.

Талқылау астанадағы LRT, белсенділердің күші мен қала тұрғындарының саяси өмірге араласуы жайлы пікірталасқа ұласты.

Следите за анонсами мероприятий на сайте и в нашем Instagram