Алматы мен Астана қаласындағы тұрғын үй бағасы Сан-Франциско мен Ванкувер қаласындағы бағамен салыстырғанда қарапайым халыққа қолжетімсіз екенін білесіз бе? Бұл деректерді Уилльям Зайтц 2018 жылы World Bank Group үшін жүргізген
зерттеуінде келтірген. Осындай салыстыруларға қарап, Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй бағасы соңғы жылдарда қаншалықты өзгергені қызығушылық тудырады.
Krisha.kz мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың басында Алматыда тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 345 000 теңге болса, бүгінде, бес жылдан соң бұл көрсеткіш 700 000 теңгеден асты, яғни 103 %-ға өскен. Ал Астанада тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 310 000 теңгеден 470 000 теңгеге дейін қымбаттаған (52 %-ға өскен).Еліміздің ірі қаласын мысалға алып, өсу беталысын (үрдісін) қарастыруды жалғастыратын болсақ, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша 2018 жылдан бері Алматы халқының табысы бар-жоғы 6,8 %-ға өскен. Сол себепті баспана қаладағы әлеуметтік теңсіздіктің негізгі факторы ретінде біржола бекіді. (Сол себепті қаладағы әлеуметтік теңсіздіктің негізгі факторы – баспана болып біржола қабылданып кетті)Бұл – Қазақстан тұрғын үй саласындағы жалғыз мәселе емес. Ädil Qala 2023 жылдың сәуірінде тұрғын үйді бөлу мәселесі мен қала құрылысы саясатын қарастырған, атқарушы билік органдарының қала тұрғындарымен қарым-қатынасының тиімділігін және шешім қабылдаудың ашықтығын бағалаған авторлардың зерттеулерін кітап етіп шығаруды жоспарлап отыр. Деректерді достарыңызға таратып, біздің іс-шарамыздың қонағы болыңыз!