Инклюзив қала: мүгедектігі бар жаяу жүргіншілерден сұраңыз
Екі миллион тұрғыны бар Алматыда 800 мыңға жуық адамды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына жатқызуға болады. Олар – жеті жасқа толмаған балалар, қарттар, аяғы ауыр әйелдер, баласын арбаға салып алып жүретін ата-ана, уақытша жарақаты бар адамдар және ең осал топ – мүгедектігі бар адамдар. Статистика бойынша, Алматыда ондай адамдардың саны 56 мың және дәл осы топ жаяу жүргіншілерге арналған жақсы инфрақұрылымға бәрінен артық мұқтаж.

Қасиет Омарова Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған ашық кеңістіктерді пайдалануда қандай қиындықтар бар екенін зерттеп, тұжырымдары мен ұсыныстарын «Инклюзив қала: мүгедектігі бар жаяу жүргіншілерден сұраңыз» деген мақаласында жазды. Зерттеудің толық мәтінін adilqala.kz сайтынан оқи аласыз, ал біз ондағы негізгі идеяларды карталарға салып ұсынып отырмыз.

Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың әділ қала тақырыбындағы зерттеу материалдарының жинағы.

Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.