Тым алыс: Шымкенттегі медициналық көмек алудың машақаты
Медициналық көмек алу әр ауданда әртүрлі бола ма? Болады. Наталья Ворошилова өз зерттеуінде Шымкенттегі кей ауданның медициналық көмекпен қамтылуы өзгелерге қарағанда нашар екенін жазады – тұрғындар ең жақын деген аурухананың өзіне ұзақ жүріп барады, дәрігер келгенін не ол қабылдайтын кезекті ұзақ күтуге мәжбүр болады. Зерттеудің негізгі тезистерін картаға салып ұсынып отырмыз.

Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың әділ қала тақырыбындағы зерттеу материалдарының жинағы.

Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.