Біз өзімізді, кімдігімізді ашық көрсетіп, танытқанда ғана, қалада да, жалпы қоғамда да қысылмай-қымтырылмай, қорықпай жүре аламыз. Қазақстанда лесбиян, гей, бисексуал, трансгендер және куир тұлғалар (ЛГБТК) көбінесе теперішке, алалауға және агрессияға ұшырап жатады. Олар жасайтын
safe spaces – қауіпсіз кеңістіктер адамның бойында сол орындардан тыс жерлерде де қорқынышсыз, қысылмай жүруге болатындай сезім қалыптастыруға көмектеседі.
Айтуар Қоспақов пен Әмір Шайкежанов «Қала аумағындағы қауіпсіз куир-кеңістіктің маңызы» атты мақаласында сауалнама деректерін талдап, қаладағы орта адамның сексуал кімдігіне қалай ықпал ететінін тұжырымдайды. Мақаланың негізгі тезистері карталарда көрсетілген.
Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы. Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.