Алматыда ауа лас екенімен қоймай, ауызсудың сапасы да, сумен қамту жүйесінің жай-күйі де оңып тұрған жоқ. Зерттеуші Жәния Хайбуллина қазіргі жағдайды талдап, су қауіпсіздігі саласындағы саясаттың ерекшеліктеріне үңіледі. Жәнияның «Алматыда су ресурсын тиімсіз пайдалану не нәрсеге себеп болады?» деген мақаласының тезистерін картаға салып көрсетейік.
Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және емделу құқығы мәселелерінің шешімі туралы қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.