Ақтаудағы ауызсу тапшылығы – қаланың байырғы әрі жыл бойы өзгермейтін проблемасы. Қазақстандағы су тарифтерінің ең қымбаты Ақтауда екеніне қарамастан, мұнда ауызсу қоры тым аз, оның өзі сарғайып кеткен әрі су беру оқтын-оқтын тоқтап қалады.
Ақтаудың аумағы да, халқының саны да артып келеді. Қала ауызсу мәселесін жүйелі деңгейде шешуге дайын ба деген сұраққа Бауыржан Биахметов «Судың да сұрауы бар немесе Ақтау қаласындағы ауызсу тапшылығын азайту жолдары» деген зерттеуінде жауап іздейді. Мақаланың негізгі тезистерін карталарға салып отырмыз.
Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және емделу құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.