Инклюзив қала, асылында, үйдің табалдырығынан басталса керек. Аула аумағы жүріс-тұрысы шектеулі адамдардың білім алуға, жұртпен араласуға және басқа да жаңа мүмкіндіктерге барар жолда алдынан шығар бірінші кедергі емес, керісінше, көмек болуы үшін не істеу керек?
Ары қарай карталардан Зейнеп Әбетова мен Мария Лабунцованың «Қалада емін-еркін жүру құқығы: мүгедектігі бар адамдардың тұрғын үй аумағында ортақ орындарды кедергісіз пайдалана алуы (Астана кейсі)» деген зерттеуінің негізгі тезистерін оқи аласыз.
Зерттеудің толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. Мақала қазақстандық авторлардың азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және денсаулығын сақтау құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы зерттеу материалдарының жинағы – «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабында жарияланған.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.