Диалог орнату: Алматыда қоғам мен өкіметтің қарым-қатынас жасауына не көмектесіп, не кедергі болып отыр?
Қаланың дамуы мәселелеріне араласып, өзгеріс жасауға атсалысуға ниетті тұрғындар саны артып келеді. Алматы тұрғындарына қала әкімшілігімен диалогқа негіз табуға не септесіп отырғанын Шұғыла Қилыбаева зерттеп жүр.

«Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабында автордың «Саяси шешімге ықпал ету құқығы жолындағы күрес: алматылық белсенділердің жергілікті билікпен қарым-қатынасы» деген мақаласы жарық көрген.

Мақаланың толық мәтінін adilqala.kz сайтынан оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және емделу құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы.

Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген. Жоба туралы adilqala.kz сайтынан толығырақ білуге болады.