«Қалада тұру құқығы» түсінігі абстракт идея деңгейінен қала тұрғындарының жұмыс құралына айнала алды ма деген мәселені Бақытнұр Отарбаева «Қоғамдық тыңдау және қоғамдық талқылау (Алматы қаласы)» деп аталған мақаласында талдайды.
Автор тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы тиімсіз қарым-қатынасты талдап, қала тұрғындарының қала саясатына араласуы процедурасын анықтайтын нормативтік-құқықтық актілерді түсіну мен түсіндірудегі айырмашылықтарды атап өтеді. Мақаланың негізгі тезистері карточкаларда жиналған, ал материалдың өзін adilqala.kz сайтынан толық
оқуға болады.
«Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» деп аталатын кітап – азаматтық қоғамның қызметі, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және емделу құқығы мәселелерінің шешімі туралы қазақстандық авторлардың зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.