SOS.Taldykol бастамашыл тобы құрылғанына үш жылдан аса уақыт өтті. Бұл қозғалыс қала әкімдігінің Астана экожүйесіне маңызды Кіші Талдыкөл көлдер тобын құрғатып, орнына үй салу жоспарына қарсы тұру үшін құрылған. Қысым көрсетіліп, қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіру кампаниясы жүргізіліп, көл орнында құрылыс әлі жүріп жатқанына қарамастан, SOS.Taldykol жұмысын тоқтатпай, мемлекеттік органдармен диалог орнатуға талпынып, жұмысын жүйелеп, ресурс тарту мүмкіндіктерін іздеп келеді.
«Қазақстандағы экологиялық қозғалыстардың құрылуы: SOS.Taldykol тақырыбындағы зерттеу» мақаласының негізгі тезистерін шағын карталарға бөліп жариялап отырмыз. Материалда азаматтық қоғам мен сөз еркіндігі ахуалы қиын кездегі экологияны қорғау жолындағы қозғалыстың даму жолы сөз болады. Мұхтар Аманбайұлы мақаласында қозғалыстың дамуына не кедергі және жергілікті қоғамдастықтардың үнін қала өкіметіне жеткізуге қандай құралдар мен әрекеттер сеп болады дегенді талдайды.
Зерттеудің толық мәтінін adilqala.kz сайтынан
оқуға болады. «Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың әділ қала тақырыбындағы зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.