Қаладағы инфрақұрылым тұрғындардың денсаулығын нашарлатып жіберетін фактор болуы мүмкін бе? – Мүмкін! Жаяу жүргіншіге арналған инфрақұрылымы нашар, тұрғын үйлері бейберекет салынатын, қимыл-қозғалысқа мүмкіндік жетпейтін қалаларда семіздік дертіне шалдыққан адамдар көбейе береді.
Астанада үй салу ерекшеліктері тұрғындардың денсаулығына қалай әсер ететіні, жаяу жүріп жету индексіне талдау жасағанда қандай процестер байқала бастайтынын Уальшер Аханов зерттеп, тұжырымдарын «Байтақ дала: Астананың даму жоспары қалада семіздік індеті тарауына себеп болуы мүмкін» деген мақаласында көрсеткен. Мақаланың негізгі тезистерін карталарға салып ұсынып отырмыз, ал толық мәтіні adilqala.kz сайтында жарияланған.
«
Ädil Qala: Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік әділдік» кітабы – қазақстандық авторлардың азаматтық қоғамның маңызды істерге араласуы, инфрақұрылым, инклюзия, экология, адамдардың білім алу және емделу құқығына қол жеткізуі мәселелерінің шешімі туралы зерттеу материалдарының жинағы.
Басылым 2022 жылы Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі мен Urban Forum Kazakhstan негізін қалаған Ädil Qala жобасы аясында 2023 жылғы шілдеде жарық көрген.